Балабақшада тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды сіңіру және көңілді орта қалыптастыру мақсатында түрлі мерекелік іс-шаралар тұрақты өткізіледі: 1. «Қош келдің, Наурыз!»
Ұлттық киім киіп, ән-күй, би, салт-дәстүр көріністері арқылы қазақ халқының мәдениетін насихаттау.
- «Балалар күні – шаттық күні»
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай түрлі ойындар, концерт, флешмобтар ұйымдастырылады.
- «Алтын күз» мерекесі
Күздің берекесі мен байлығын дәріптейтін көрме, ертегілік қойылымдар және көркем өнер байқаулары.
- «Жаңа жыл – ғажайыптар мерекесі»
Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік концерт, сыйлықтар және шырша айналасындағы ойындар.
- «Қоштасу балабақшамен»
Түлектерге арналған салтанатты іс-шара – өлең, би, алғыс хаттар мен естелік сәттер.