Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал және ашық жұмыс жүргізу қағидаларын енгіз
- Жалпы талаптар:
- Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтықты сақтау
- Тәрбиеленушілер мен ата-аналарға тең жағдай жасау
- Тәртіп пен заң талаптарын сақтау
- Қызмет барысында жеке мүддені емес, қоғамдық мүддені басшылыққа алу
- Қызметкерлердің мінез-құлық нормалары:
- Сыйақы, сыйлық немесе басқа да материалдық құндылықтарды талап етуге және алуға тыйым салынады
- Қызметтік міндетін адал, әділ, бейтарап атқаруы тиіс
- Ата-аналар мен әріптестерге дөрекілік танытпау
- Ақпараттың құпиялығын сақтау
- Ата-аналармен өзара әрекет:
- Барлық сұрақтар бойынша ресми, заңға сай жауап беру
- Қосымша төлемдер мен «еріксіз жиналымдарға» жол бермеу
- Қызмет көрсету – тек мемлекеттік стандарт аясында
- Жауапкершілік:
Осы стандарт талаптары бұзылған жағдайда жауапты тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.