«Өркен-» бөбекжай-бақшасында тәрбиеленушілерге баланың жас ерекшелігіне сай, теңгерімді және құнарлы 4 мезгілдік тамақтану ұйымдастырылады:
- Таңғы ас
- Екінші таңғы ас (жеңіл тағам)
- Түскі ас
- Бесінгі ас
Тамақтар медициналық нормаға, СЭС талаптарына және ас мәзіріне сәйкес дайындалады. Ас мәзірі күн сайын ілініп, ата-аналар назарына ұсынылады.
Ерекше жағдайлар:
- Аллергиясы немесе арнайы тамақтану режимі бар балалар үшін жеке бақылау жүргізіледі.
- Барлық азық-түлік өнімдері сертификатталған, санитарлық талаптарға сай.
Тамақ сапасына медбике мен жауапты комиссия күнделікті бақылау жүргізеді.
Оқу-тәрбие жұмысы
«Өркен» бөбекжай-бақшасында оқу-тәрбие жұмысы ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Басты бағыттар:
- Танымдық даму
- Коммуникативтік тіл дамыту
- Қозғалыс белсенділігі (Дене шынықтыру)
- Әлеуметтік-эмоционалдық дағды
- Шығармашылық (музыка, сурет, қолөнер)
Оқу-тәрбие процесі ойын арқылы жүргізіледі. Баланың жеке қабілетін, қызығушылығын ескере отырып, жас ерекшелігіне сай топтық жоспар құрылады.
Қосымша жұмыстар:
- Мерекелік іс-шаралар
- Ашық сабақтар
- Педагогикалық кеңестер
- Ата-анамен бірлескен жұмыстар
- Логопед, психолог, дефектолог қызметтері (қажет жағдайда)
Тәрбиешілер мен мамандар жаңартылған бағдарламалар негізінде, заманауи әдістерді (интерактивті әдіс, ойын технологиясы, STEAM элементтері) қолдана отырып жұмыс істейді.